01 там, 2024 сағат 11:14

1 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?

Фото: ҰОК

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 4 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Жалпыкомандалық есепте 16-орында тұр.

Садақ ату. Жекелей сын, 1/32 финал
12:43.  Дәулетуелді Жаңбырбай – Хорхе Энрикес
21:19.  Александр Еременко – Батис Аддис

Дзюдо. 1/16 финал
13:00. -100 кг.  Нұрлыхан Шархан – Тома Никифоров
50 м үш жағдайда оқ ату. Жекелей сын. Іріктеу
15:00. Александра Ле, Арина Алтухова

Бокс. 1/8 финал
18:30. 50 кг.  Назым Қызайбай – Каролин Барбоза

Ширек финал:
20:54.  Айбек Оралбай – Лорен Альфонсо Домингес
00:36.   Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лаша Гурули