Фото: qandastar.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы қандас қабылдау квотасының жобасын көпшілік талқылауына шығарды.
«Қандастарды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 309 адам», - деп жазылған бұйрық жобасында.
Ал қоныс аударушыларды қабылдау квотасының саны 7 344 адам болып белгіленбек. Министрлік өкілдері бұл жердегі қоныс аударушылар квотасы Қазақстанның өз ішінде жұмыспен қамту бағдарламалары аясында көшетін адамдарға берілетінін айтады.
- Құжат еңбек тапшылығы бар өңірлердің қажеттілігі негізінде 9 653 адамнан тұратын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын бекітуді көздейді, - деп жазылған құжатта. Яғни, аталмыш квотаға енген тұлғалар елдегі еңбек күшінің тапшылығы бар өңірлеріне жіберіледі деген сөз.
2024 жылы қандас қабылдаудың өңірлік квотасы 2433 болған еді.