11 жел, 2024 сағат 12:31

Биыл Қазақстанға 6 млн. турист келген


Фото:inbusiness.kz

Биыл Қазақстанда туризм қандай көрсеткішке жеткені туралы мәлімет шықты, деп хабарлайды ult.kz

" 2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті. Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты", -дедінген хабарламада.


Туризмге салынған инвестиция көлемі 2024 жылдың 10 айында 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады.