Фото: Tbilisi_life
Премьер-министр Ираклий Кобахидзе елдің Еуроодаққа кіру туралы келіссөздерін 2028 жылға дейін дейін кейінге шегеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оған қоса одақтан алатын несиелер мен гранттардан да бас тартуды ұсынған.
Осыдан кейін Грузияның бірнеше қаласында жаппай наразылық акциясы басталды. Тбилисидегі Руставели алаңына жиналған 20 мыңға жуық халық парламент ғимаратының темір қоршауларын қағып, өз наразылықтарын білдірді.Қазір елдің құқық қорғау күштері мен қауіпсіздік қызметкерлері де осы алаңды қоршап тұр.
Наразылық акциясына президент Саломе Зурабишвили қатысты. Ол 26 қазанда өткен парламент сайлауында жеңіске жеткен «Грузин арманы» партиясының саясатына қарсы.
Ал 28 қарашада Еуропарламент Грузияда өткен парламент сайлауының қорытындысын мойындамай, елде жаңа сайлау өткізуді талап еткен болатын.