11 жел, 2024 сағат 16:12

ІІМ:"Шерзат Болатқа қатысты тергеу аяқталып қалды"


Фото:smartnews.kz

 Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарныда Шерзат Болатқа қатысты тергеудің аяқталып қалғанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Санжар Әділов бұл қылмыстық іс бойынша 11 айыпталушы қамауда отыр, олардың барлығы жауапқа тартылады.

«Тергеу аяқталу сатысында, жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз», - деді ол.


Соңғы айыптау прокурормен келісе отырып шығарылады, ал қылмыстық іс материалдары қылмыстық процеске қатысушыларға танысу үшін ұсынылады.