Халық батырын дәріптеп, ерлік ісін келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында Амангелді ауданы әкімдігі мен «Амангелді» қоғамдық қоры «Кейкі батыр» атты республикалық ақындар мүшайрасын ұйымдастырады. Байқау республикалық деңгейде өткізіледі.
Елі мен жері үшін жанын пида еткен батырды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, талантты жандардың ақындық қабілетін шыңдап, өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың мынандай шарттары бар:
- Өлеңдер көлемі 15 шумақтан кем болмауы тиіс;
- Өлең жолдары, автордың толық аты-жөні және өзі туралы қысқаша мәлімет фотосуретімен, байланыс телефондары компьютерде 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен теріліп, электронды және қағаз нұсқада жолданылуы тиіс.- Байқауға 16 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады.
Байқауға материалдар 2017 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылады.
Ол түскен шығармаларды жан-жақты қарап, өлең мазмұнына баса назар аударып, үздік деп танылған өлеңдерді іріктеп алады.
Қорытынды іс-шара 2017 жылдың шілде айының ІІ онкүндігінде өткізіледі.
Байқауға қатысушылар арнайы дипломмен марапатталады, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі:
І орын – 300 000 теңге;
ІІ орын – 200 000 теңге;
ІІІ орын – 100 000 теңге.
Байқауға барлық қатысушылардың өлеңдерінен арнайы жинақ шығарылып, ол Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі өткізілетін іс-шара қатысушыларына таратылатын болады.
Мүшайраға қатысушылардың материалдары 2017 жылдың 20 маусымына дейін Амангелді ауданының Ішкі саясат бөліміне пошталық мекенжай бойынша (Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 14 үй, 110200 инд) немесе [email protected] электронды мекен-жайына жолдануы тиіс.
Қосымша мәліметтерді 8(71440) 22020 телефон нөмеріне хабарласу арқылы біле аласыздар.
"Егемен Қазақстан"