30 қар, 2024 сағат 13:17

Қостанай облысында өрттен бес баласынан айырылған анаға пәтер берілді

Фото: Stan.kz

Жітіқарада өрт салдарынан бес баласынан айырылған анаға пәтер беріліп, материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Ult.kz “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды аралап, көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыларды тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілген.

Жітіқара ауданының әкімі анаға материалдық көмек көрсетіліп, өтемақы төленгенін хабарлады. Үлкен ұлымен үйсіз қалған әйелге, екі кәсіпорын екі бөлмелі пәтер сыйлаған. Сонымен қатар, тұрмыстық техника мен жиһазбен қамтамасыз етілген. Қазір отбасы мүшелері толыққан. Әкесі жақында түрмеден босатылған. Аудан басшысы қайғылы оқиғаға дейін отбасы әлеуметтік қызметкерлердің бақылауында болғанын, алайда ол жағдайы жақсы деп саналғанын айтты. Анасы дүкенде жұмыс істеп, балалары мектепте оқыған.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға қазан айында болған. Өрт кезінде тек 13 жастағы үлкен бала ғана аман қалған. Үйде ересектер болмаған. Алдын ала болжам бойынша, өртке мұржадағы газ баллоны себеп.