08 там, 2024 сағат 08:24

"Нағыз соғыс!" Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Фото: Владислав Семенов

Финалдық кездесуде 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз украиналық қарсыласы Александр Хижнякқа есе жіберді.

Қан мен тер төгілген рингтегі айқасты комментаторлар "қазақтың қайсар мінезін қайта көргендей болдық" деп бағалады. 24 жастағы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай бірінші раундта есе жіберген, ал екінші раундта басым болды. Жекпе-жек тағдыры үшінші раундта шешілді. 

Айта кетейік, Хижняк Токио Олимпиадасында да финалға шыққан. Алайда нокаутқа түсіп, жеңілген.

Медальдар есебінде жеті (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) медальмен Қазақстан 28-орында.