08 жел, 2024 сағат 13:27

Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылды


Фото: ТЖМ баспасөз қызметі


Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Ақпаратқа сенсек, оқиға сенбі күні Урдинская көшесіндегі үйдің жанында болған.


"1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге жүгінген", - делінген ведомство хабарламасында.


Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны люктен алып шықты.

Олар зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, деп қосты баспасөз қызметі.