09 жел, 2024 сағат 16:03

Шығыс Қазақстан: Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақытын өзгерту қаралып жатыр

 

Фото: astanatv.kz
Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты Шығыс Қазақстанда жұмыс уақытын өзгерту қаралып жатыр, -деп хабарлайды ult.kz
 
Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты. 

"Уақытты өзгерту жергілікті биліктің құзіретіне кірмейді. Бұл шешім үкіметте қабылданған, мұны өзгерте алмаймыз. Тұрғындарда қиындықтар болған шығар. Кейбірі "балаларды кешке жақын мектептен алып кетеміз" дейді. Қазіргі жағдайда бұрынғы уақыт белдеуімен қарасақ таңертең қараңғыда балаларды мектепке апарып, қараңғыда алып кетер ердіңіз. Менің айтып отырғаным, уақыт белдеуіне үйрену керек. Екінші жағынан, тұрғындардың ой-пікірін тиісті органдарға жеткіздік", – деген Көшербаев аймақ тұрғындарының жаңа уақыт белдеуіне бейімделуін жеңілдету үшін жұмыс уақытын өзгерту мәселесі қаралып жатқанын айтты. 

"Соның ішінде аурухана, дүкендер, мектептердің, сағат сайын жүретін қоғамдық көліктердің кестесін қайта қарау арқылы жаңа уақыт белдеуіне үйретуді қарастырып жатырмыз", – деді. 


Ермек Көшербаевтың сөзінше жұмыс уақытын өзгерту мәселесі әлі де халықпен талқыланады және бұл мәселе бойынша нақты шешім бір айың ішінде қабылданады.