Фото: Өскемен қаласындағы былтырғы шырша. altainews.kz
ОКҚ баспасөз брифингінде ULT.KZ тілшісінің сұрағына жауап беру кезінде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыс биыл жаңа жылдық шыршаға бюджет есебінен қанша қаражат жұмсайтындарын айтты."Биыл шамамен 150 Аяз ата қатысады деп күтілуде. Былтыр олардың саны 25 болған еді. Қатысушылар барлық аудандардан, тіпті бес облыстан келуі жоспарланып отыр", – деді Ермек Көшербаев.
Әкім үшін жаңа жылды атап өтуге бөлініп отырған 18 миллион теңге аз көрінеді.
"Келген қонақтар өз ақшасымен келеді. Біз бұған көп ақша бөлмейміз. 18 миллион ғана", -деп отыр ол.
Көшербаевтың сөзінше қала алаңына орнатылған шырша қолдан жасалған. Ал шырша, жарық шамдары және гирляндалар бұрыннан сатып алынған.
"Қазіргі жағдайда ақшаны бостан-босқа шашуға болмайды. Сондықтан біз соманы қысқарттық ", – деді ШҚО әкімі.
Ал 18 миллион теңге неге жұмсалады? 150 Аяз атаға ма? Бұған әкім нақты жауап бермеді.