Фото:politico.kz
Талғар қаласының маңынан Шерзат Болаттың ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды ult.kz.
Полицияның хабарламасында "Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өз-өзіне қол салған" делінген.
"Марқұм биыл 4 қазанда көз жұмған, кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы уақытта қылмыстық сипаттағы қандай да бір белгілер анықталмады, - делінген хабарламада.
Полиция Шерзат Болаттың отбасы полицейлердің қорғауында болғанын және осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелмегенін айтады.
"Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып кетіп, жеке автокөлікпен кеткені анықталды", - деп отыр полиция.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды