Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда алаяқтар енді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығынан келген хабарламалар ретінде жалған хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде жалған аккаунттар ашып, агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан хабарламалар таратқан алаяқтар туралы ескертеді", – делінген ведомствоның хабарламасында.
Белгісіз тұлғалар қандай да бір мәліметтерді алу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысып жатқаны түсіндіріледі.
Агенттік қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуге, жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді. Құзырлы органдардың айтуынша, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттар мен хабарламалар жіберіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, түрлі алаяқтар WhatsApp, Telegram желілерінде әрекет етеді.