27 қар, 2024 сағат 18:18

«Жай ғана сан»: Депутат үкімет пен Ұлттық банкті доллар бағамы мен сыртқы қарыз үшін сынға алды

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев палата отырысында үкіметтің қаржы-экономикалық блогы мен Ұлттық банктің валюта саясатына қатысты ұстанымын қатаң сынға алды.

Ол доллар бағамының күрт өсуіне байланысты шенеуніктердің оны «жай ғана сан» деп атаған мәлімдемесіне наразы болды.

"Жақында бірқатар шенеуніктің доллар мен теңге арасындағы айырбас курсы – бұл "жай ғана сан" деп айтқан мәлімдемесі болашақтағы қаржылық салдарды елемейді. Біз түсінуіміз керек, тұрмысы төмен, жалақыдан жалақыға өмір сүретін адамдардың саны сарапшыларға қарағанда мың есе көп. Олар үшін доллардың жоғары курсы тиімді. Осы кезде заңды сұрақ туындайды. Үкімет кімнің жағында? Қарапайым адамдардың жағында ма, әлде олигархтарды қолдай ма?" – деп сұрады Бейсембаев мәжіліс отырысында.


Бұдан бөлек депутат Бейсембаев көп несие алу мәселесіне де наразылық білдірді.

"Шығындарымыздың үштен бірі қарыздар есебінен жабылады. Мемлекеттік және үкіметтік қарыздарды өтеуге арналған шығындар үш жылда 6 триллион теңгеден асып кетеді. Ал қарыздардың көп бөлігі квазимемлекеттік сектор арқылы парламентті айналып өтіп алынады. Биыл сыртқы қарыз 166 миллиард доллардан асты, жыл басынан бері 3 миллиард долларға өсті. Яғни, сыртқы қарызымыз елдің төрт жылдық бюджетіне тең", – деп атап өтті Елнұр Бейсембаев.


Ол үкімет жаңа табыс көздерін іздеуге бағытталған нақты шаралар қабылдамай отырғанына назар аударды.