29 қар, 2024 сағат 11:15

Степногорскте ер адам өзгенің баласын ұрып-соқты

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Камерадағы жазбада екі баланың төбелескенін және жанжалға біреуінің әкесі араласқанын көруге болады. Ер адам баланы жағасынан ұстап, оны сүйреп әкетіп, кейін тізесімен және қолымен ұрған. Одан соң баланы қарға лақтырып, кетіп қалады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталған. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою шаралары қабылдануда. Жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», — делінген ресми хабарламада.