29 қар, 2024 сағат 13:28

Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына қатысты пікір білдірді

Фото: ru.sputniknews.kz

Тимур Сүлейменов доллардың бағасына болжам жасай алмаймыз деді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan.tv

Оның айтуынша, шетелдік валюта нарықтағы сұранысқа байланысты белгіленеді. 

"Мен бағаның бірден өзгеруіне, әсіресе азық-түлік тауарларына қатты алаңдамас едім. Біз негізінен азық-түлікпен өзімізді-өзіміз қамтамасыз етеміз", - деді Т.Сүлейменов.


Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы теңге бағамын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізуге 1 млрд доллар жұмсалатынын атап өтті.