Фото: Кайрат Конуспаев
Алматыда 2 мыңнан астам қоғамдық тамақтану нысандары бар, оның ішінде мейрамханалар, кафелер мен асханалар. Соңғы жылдары тамақтану саласында тұрақты өсім байқалып, қолжетімді асханалар мен шағын дәмханалар көбейді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында тамақ өнімдері мен сусындар қызметтерін көрсетуден түскен салық түсімдері 1,8 млрд теңгені құрады. 2022 жылы олар екі есеге жуық – 3,4 миллиард теңгеге, ал 2023 жылы одан да артып, 7,1 миллиард теңгеге жетті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында кірістер 12,7 млрд теңгені құрады, бұл тұрақты оң динамиканың артқанын байқатады. Бұл туралы Алматыда өткен «Алматы Орталық Азияның гастрономиялық астанасы ретінде: туристер үшін жаңа көкжиектер» атты баспасөз конференцисында айтылды деп хабарлайды Ult.kz тілшісі.
Жиында Алматы туризм бюросының PR-менеджері Жанар Нұрлыбек
атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп, сонымен қатар туристердің
пікірі мен қызығушылығын көрсететін сандар мен деректерді бөлісті.
«Алматының гастрономиялық және бар сахнасының жоғары деңгейінің маңызды дәлелі жергілікті шарап барлары мен мейрамханаларының Star Wine List халықаралық гид - әлемдегі ең жақсы шарап мекемелерін көрсететін беделді гидке қосылуы болды. Гид картада қазір Алматыдағы сегіз бар мен мейрамхана және Астанадағы бір мекеме бар, бұл шарап мәдениетін дамытуда оңтүстік астананың көшбасшылығын атап көрсетеді.
Гид қала бойынша гастро-турлардың дайын сценарийлерін, сондай-ақ тағамдар мен талғамдардың әртүрлілігін көрсететін мекемелердің тізімдерін қамтиды. Сонымен қатар, Алматының бір бөлігін үйіңізге алып кетуіңіз үшін міндетті түрде татып көруге тұрарлық жергілікті тағамдарға және гастросувенирлерге ерекше назар аударылады.
Біз Алматыдағы гастрономияны дамыту мақсатында арнайы мастер-класс өткізіп әлеуметтік желіде 628 150 көрерменнің назарын аудардық. Бұл шаралар жергілікті тұрғындардың да, әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристердің де қызығушылығын арттырды»,- деді Жанар Нұрлыбек.
Ал жиында сөз алған АБР Білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы Жанна
Бахмутованың айтуынша, елімізде этномәдени асхананы дамыту қолға алынып жатыр.
Спикер алдағы уақытта қазақ асханасын әлемдік деңгейге жеткізу үшін жұмыстар
жасалып жатқанын айтты.
«Туристер ұлттық және халықаралық тағамдардың кең таңдауын жасағысы келеді. Біздің «нео-көшпелі тағамдар» және дәстүрлі көшпелі рецепттер сияқты трендтер әлемнің түкпір-түкпірінен келген тағамдарды ұнататындар арасында танымал болуда. Біз қазақ тағамдарын тереңірек зерттеп, нақты рецебін алу үшін еліміздің әр аймағынан деректер жинадық. Этнографтар мен тарихшылармен кездестік. Қазіргі таңда Алматыда «Ауыл», «Төр» , «Сандық» сынды ұлттық бағыттағы ресторандар бар. Біз олардың танымалдығын арттыру бағытында жұмыс жасап жатырмыз»,- деді Жанна Бахмутова.
Алматының бар индустриясының әртүрлілігі мен жоғары деңгейін көрсету мақсатында Алматы туризм бюросы серіктестермен бірлесіп, 2GIS платформасында жарияланған арнайы іріктеу дайындады. Бұл танымдық карта қонақтар мен қала тұрғындарын Алматының ең жақсы барлары мен мейрамханаларымен таныстырады.