Фото: ТЖМ
Семей қаласында ТЖМ күшімен 20 жастағы ер адам құтқарылды. 112 пультіне ер адамның көпірден құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар тез арада оқиға орнына шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықтың көмегімен зардап шегушіні іздестіре бастады. Көп ұзамай оны көпірдің жанындағы аралдан тапты.
«Алғашқы көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Семей орманындағы» өртеніп кеткен ағаштар сатылып жатыр.