2013 жылдан бері елордада апатты үйлерді ысыруға арналған қанатқақты жоба жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың соңына дейін 111 үйдің сүру жоспарланып отыр. Апатты жағдайдағы бұл үйлерде тұратын 1700 отбасыға қаланың басқа ауданынан баспана ұсынылып отыр, деп мәлімдеді елорда әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне Астана қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының орынасары Асхат Елеужанов.
Жоба бойынша сүрілуге негізінен тозығы жеткен, өткен ғасырдың 40-70 жылдары салынған үйлер жіберіледі. Басқарма өкілінің сөзінше, бұл үйлерде тұру тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіпті.
Қанатқақты жобаның шартына сәйкес, апатты баспананың орнына пәтер иесіне қаланың басқа аумағынан дәл сол ауданға сәйкес баспана беріледі.
Тұрғын үй басқармасының өкілі бұл жағдайда жаңа баспана берілгенде тұрғын үйдің бөлмесі мен отбасы мүшелерінің саны есепке алынбайды. Тек тұрғын үйдің жалпы ауданы ғана ескеріледі.
2013 жылдан бері елордада 117 апатты жағдайдағы үй ысырылып, 1500 отбасы жаңа орынға қоныстанды.
«Бүгінгі таңда елорданың кейбір тұрғындарында төтенше жағдайда тұрған апатты үйлерді сүру жұмысы алдағы ЭКСПО көрмесімен байланысты деген жаңсақ пікір бар. Негізінде ол жобаға сәйкес ағымдағы жұмыс. 2017 жылдың соңына дейін Астанада 1700 отбасылық 111 апатты үйді сұру көзделіп отыр», — деді А. Елеужанов.