04 жел, 2024 сағат 09:59

Елшілік Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото:Yonhap
Қазақстанның Оңтүстік Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды ult.kz.

"Корея Республикасы президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.