Фото:Yonhap
Кореядағы қақтығыстан зардап шеккен қазақстандық жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды ULT.KZ.
"Кез келген мемлекетте біздің елшіліктеріміз азаматтарымызбен әрқашан байланыста болады. Жалпы Оңтүстік Кореядағы бұл саяси мәселе өзінің шешімін тауып отыр. Біздің сыртқы саясатымызға сәйкес басқа мемлекеттердің ішкі саясаттарына килікпейміз, ешқандай баға бермейміз. Біздің мақсатымыз Кореяда тұратын азаматтарымызды қорғау. Өздеріңіз білетіндей бізде Кореямен визасыз режим орнатылғандықтан қазір Қазақстан Республикасы азаматтарының саны Кореяда 30 мыңнан асады. Айта кететін бір жай, біздің кейбір азаматтарымыз миграция заңын бұзып жүр. Кез келген елде мұндай жағдай (Кореядағы қақтығыс сияқты, ред.) болған жағдайда Қазақстан елшіліктері WhatsApp арқылы, telegram арқылы, сайт арқылы азаматтарымызбен байланыста болады және біз бірден ақпарат береміз, ақпаратпен бірге ұсыныс та береміз", -деді Әлібек Бақаев .
04 жел, 2024 сағат 15:04