Фото: egemen.kz
ТЖМ баспасөз қызметі Маңғыстау облысының құтқарушылары өрт кезінде 91 адамды эвакуациялағанын мәлімдеді.
- Ақтау қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде бірінші қабатта орналасқан азық-түлік дүкенінде сөрелердің жануы орын алды.
ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 91 адам, оның ішінде 60 баланы эвакуациялады, - деп жазды ведомстводан.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шағын алаңда сөндірілді.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада жатақханада шыққан өртті сөндіруге 15 техника жұмылдырылғанын жазғанбыз.