04 жел, 2024 сағат 13:12

Әуе рейстері уақытынан кешіксе, айыппұл салынады – депутат


Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әуе компанияларына қатысты заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ult.kz.

Депутаттың айтуынша, әуе компанияларына байланысты жолаушыларының құқықтарын қорғауға арналған жаңа құқықтық механизмдер әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан Астана әуежайында 12 жасар қызды рейске жібермей, жалғыз қалдырғаны үшін Air Astana компаниясының сот шешіміне шағымдануы туралы сұрады. Бақытжан Базарбек әуе компаниясының сот шешіміне шағымдануға құқығы бар екенін атап өтті.

"Қазір біз рейстердің кешіккені үшін барлық әуе компанияларына айыппұл салуға қатысты механизмдерді әзірлеп жатырмыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында әуе компанияларына қатысты шағымдарды қарау және тексеру, сондай-ақ әуежай басшылығының әрекеттерін бақылау бойынша құқықтық механизмдер жасап жатырмыз", – деді депутат.

Еске салсақ, 2024 жылғы 21 шілдеде кәмелетке толмаған Зеренің Fly Arystan әуекомпаниясының Астана – Орал рейсіне жіберілмегені белгілі. Ол жоспарда егіз әпкесімен бірге ата-анасына оралуы керек болған. Нәтижесінде қыз Астана әуежайында қалып қойған.