Коллаж: ult.kz
Астанадағы Qazaq coffee мейрамханасы келуші қонаққа қазақ тілінде ас мәзірін беруден бас тартқан. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.Мейрамханаға келуші өз шағымын 2ГИС қосымшасына жазған, оған Qazaq coffee атынан келесідей жауап берген:
"Кеш жарық, менің персоналым қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті емес, еш жерде, еш мекемеде, қазақ тілін толық қолданбайды, тіпті құжат 50/50 орыс және қазақ тілінде", -деп жауап берген клиенттің шағымына мекеме өкілдері.
Бұл көпшіліктің ашуын тудырып, 2ГИС қосымшасына және басқа да әлеуметтік желілерге нарызылықтарын жазып жатыр.
Айта кетейік, 2022 жылдан бастап заң бойынша көрнекі ақпарат, соның ішінде ас мәзірінің қазақша нұсқасы болуы міндеттеледі. ҚР "тіл туралы" заңының №151, 21 бабына сәйкес “Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады”.