Фото: Ақорда
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың атқарған жұмысы туралы Президент Тоқаевқа есеп берді. Негізгі мәселелердің бірі — қыз алып қащу үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған өзгерістерді дайындау процесі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұған дейін президент Атыраудағы ұлттық құрылтайдың наурыздағы отырысында бұл дәстүрді «өрескел надандық» деп атап, заңнаманы қайта қарауды тапсырған болатын.
«Президент тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар қыз алып қашу үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған өзгерістер дайындауда», – деді Қошанов.
Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 71 заң жобасы бар. Салық, су, құрылыс, цифрлық кодекстер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері, қаржы нарығын дамыту, әскери-патриоттық тәрбие және пошта салалары бойынша заң жобаларына қатысты жұмыстар жүргізілуде.