12 жел, 2024 сағат 15:29

Қазақстанда ЖРВИ жағдайы төмендеді: вакцинация қарқынды жүріп жатыр

Фото: Pexels.com

2024 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда ЖРВИ-дің 688 168 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға төмен көрсеткіш. Биыл зертханалық расталған А(H1N1) тұмауының 7 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Маусымдық тұмауға қарсы күрес аясында халықты вакцинациялау үшін 2 207 750 доза вакцина сатып алынып, бүгінде ел халқының 100%-ы жоспарлы түрде екпе алды.

Сонымен қатар, елде басқа да вирустық респираторлық инфекциялар таралуда. Маусымдық тұмау дене қызуының күрт көтерілуі, жөтел, бас және бұлшықет ауруы, әлсіздік, тамақ ауруы және мұрыннан су ағу сияқты белгілермен сипатталады.

Мамандар ескертеді: аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақытылы иммундау. Тұмауға қарсы вакцинация негізгі аурудың асқынуынан, ауруханаға жатқызудан және өлім қаупінен қорғайды.

Халықты жоспарлы иммундау жұмыстары жалғасуда. Азаматтарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, маусымдық инфекциялардың алдын алу шараларын ұстануға кеңес беріледі.