06 жел, 2024 сағат 16:23

Қайрат Боранбаевтың бұрынғы сауда кешені музейге айналады


Фото: Wikicity.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында "Алмалы" сауда орталығы мұражайға айналатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz. 

"2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" сауда орталығының базасында Балаларға арналған ғылым мұражайы құрыла бастайды. ТМД елдерінде алғаш рет ашылғалы отырған мұражайға Science Museum Singapore көмектеседі. Сол үшін қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлінеді", - деп мәлімдеді Ерболат Досаев. 


Айта кетейік, "Алмалы" сауда орталығы Алматы қаласындағы Республика алаңында жер астында орналасқан. сауда орталығының жабық тұрғанына бірнеше жыл болды. Оның салынуы да қоғамда дау тудырған еді. Себебі, Желтоқсан көтерілісі болған, мыңдаған адамның қаны төгілген қасіретке толы жерді ойын-сауық орталығына айналдыруға қарсы болғандар көп болды. 

Еске салсақ, "Алмалы" сауда кешені бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған. Ол бұл нысанды 2023 жылы мемлекет меншігіне қайтарып берген. Қаңтар оқиғасы кездінде сауда кешенінде біраз мүлік қираған.