13 жел, 2024 сағат 15:03

Шерзат ісі: Желі қолданушылар жаппай блогерлерден "отписка" жасап жатыр


Фото: depositphotos.com

Желі қолданушылары Талғарда болған қайғылы жағдайға үнсіз қалған немесе Шерзаттың отбасын айыптаған блогерлер мен танымал адамдардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан жаппай шығып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

"Олар(блогерлер) біздің есебімізден ақша тапқанды ғана біледі. Қытайдың қоқысын қымбатқа сатып, ақымақ курстарын сатқанды ғана біледі", -деп бір желі қолданушы кейісе, тағы бірі : "Қоғамдағы резонансты оқиғаға үн қата амайсыңдар, есесіне курстарыңды сатқанда сайрап, маза бермейсіңдер", -деп шағымданды.

Оқи отырыңыз: Талғар трагедиясы: Шерзат Полаттың өліміне қатысты оқиғалардың хронологиясы және ресми деректер

ТикТок әлеуметтік желісінде басталған челлендж басқа да желіге тарай бастады. Танымал адамдар мен блогерлердің әлеуметтік желілерінен жазылушылар кете бастағасын кей танымал адамдар пікір білдіре бастады. 

Оқиғаға "Дарикорн" есімімен белгілі блогер пікір білдірді. Оның да жекесіне "Шерзат туралы неге айтпайсың?" деп көп адам жазған. Бұл туралы ulysmedia жазыпты.

"Бәріміздің балаларымыз, ағаларымыз бар. Бәріміз ол отбасының қайғысына ортақпыз. Біз заңға қатысты ештеңе шеше алмаймыз, адамдарды тірілте алмаймыз. Олар сбор керегі жоқ деді. Бірдеңе болса халық жиналып, ақшалай көмектесер едік. Бұл жерде екі адам қайтыс болып жатыр. Біз тек иманды болсын, жандары жаннатта болсын деп айта аламыз. Біз де қарапайым адамдарбыз. Аудиториямыз ғана бар. Бізге күнде жазады. Осындай жағдайда ештеңе істей алмайтыныңа қынжыласың", – дейді Дарикорн.