Фото: Видеодан скрин
Қаза болған жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етті. Газельдің үстіне шыққан Қаржаубай журналистер келмеген жағдайда өзіне қол жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz Stan.kz -ке сілтеме жасап.
ТikTok желісінде "Бакося" есімді аккаунттан Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Бақыт тікелей эфирге кіріп, оқиғаны түсірді. Видеода Қаржаубайдың жүк көлігінің төбесіне шығып, журналистермен кездесуді талап еткені көрінеді. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы оқиға орнында күштік құрылым қызметкерлері, азаматтық тұлғалар, оның ішінде марқұм жасөспірім мен оның ағасының туыстары жиналған.
Оқырмандардың бірі редакцияға оқиғаның қалай болғанын қысқаша баяндап берді. Оқырманның айтуынша, Қаржаубайдың жалғыз талабы – құқық қорғау органдары ұлы мен інісінің өліміне қатысты жағдайды әділ тергеуі.
Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов екі айдан бері ештеңе өзгермегенін айтты. Соңында інісі Нұрқанаттан да айырылып қалғанын жеткізді.
"Видео толық түспей қалды, бірақ Қаржаубай газель көлігінің төбесіне шығып айқайлап жатты. Жан-жақтың бәрін полиция қызметкерлері қоршап тұр. 1-2 минуттан кейін Қаржаубайды жерге құлатып түсіріп, сол жерден эфир үзіліп кетті. Туысқаны емеспін тек қолдаушысымын. Бірақ мына эфир әрі кетсе 5 минут қана ашылып үзіліп кетті. Бірақ сол 5 минутта 15 мыңнан аса адам көріп отырды", – деп жазды редакцияға оқырмандардың бірі.
Видеода көлік үстінде Нұрымовпен бірге бір әйелдің де отырғаны көрінеді. Видеодан Қаржаубайдың қарындасы Бақыттың ағасын ұрмауын өтініп, айғайлап жатқаны естіледі.
Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қолына пышақ ұстап, БАҚ өкілдерімен кездесуді талап етіп жатыр. Сондай-ақ ол құқық қорғау органдарынан ұлы мен інісінің өлімінің мән-жайын шынайы түрде анықтауды сұрады.
Әлеуметтік белсенділердің айтуынша, Нұрымов қазір жүк көлігінің төбесіне шығып, журналистермен кездесуді күтіп отыр. Оқиға орнында күш құрылымдары, бейбіт тұрғындар мен марқұмның туыстары бар.
Видеодан көлік үстінде Нұрымовпен бірге әйел алдамның барын байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Талғардың шетінен Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылғаны туралы жазған едік. Полицейлердің мәліметінше, 30 жастағы ер адам асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.
Еске салайық, Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ішкі істер министрлігі Шерзаттың өліміне қатысты 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік жасөспірімді өлтірді деп айыпталған күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар екенін де растады.