Фото: Pexels.com
Жылдар бойы зорлық-зомбылыққа шыдап келген адамдардың көбі ұдайы күйзелісте жүреді, дейді психиатр Жібек Жолдасова.
Маманның айтуынша, мектептегі буллинг өмір бойына қорқыныш сезімін қалдырады. Физикалық буллингтен (мысалы, жүйелі түрде ұрып-соғу) кейін адамдар айналасындағының бәрінен қорқып жүреді. Әлем олар үшін үнемі қауіпті болып көрінеді, және мұндай жағдайда өмір сүру көптеген адамдар үшін мүмкін емес.
"Дәл осындай салдар тиран, абьюзермен өмір сүрген адамдарда да кездеседі. Жылдар бойы қорқынышта өмір сүрген әйелдер, көбінесе, депрессияға ұшырайды. Көпшілігі өз ашуын балаларынан алып, кейін сол үшін өзін кінәлі сезініп, одан әрі терең күйзеліске батады. Бұл кейде өмірдің мәнін жоғалтуға алып келеді. Көптеген әйел басынан өткен жағдайды былай деп сипаттайды: «Өзіме қол жұмсауға шешім қабылдадым және балаларымды да өзіммен бірге алып кеткім келді». Осыған ұқсас трагедиялар туралы жаңалықтардан оқығанда, олар неге солай болғанын жақсы түсінетіндерін айтады", - дейді психиатр.
Жібек Жолдасова көпжылдық қиындықтарға үйреніп қалған ми қыртысына басқаша өмір сүруге болатынын қайта үйрету қиын болады.
"Тіпті жағдай жақсы жаққа өзгергеннің өзінде (мектепті аяқтады, күйеуі қайтыс болып кетті және т.б.), маманның көмегінсіз адам депрессиядан шыға алуы екіталай. Көпжылдық қиындықтар миды үнемі күйзеліске дайын болуға үйретіп, өткенді босатуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан уақытында мамандарға жүгініп, балаларыңыздың жан айқайын тыңдап, оларды қорғаңыз", - деп кеңес берді маман.