Фото:egemen.kz
5 желтоқсанға жоспарланған Қазақстан мен Оңтүстік Корея қорғаныс министрлерінің арасындағы келіссөздер тоқтатылды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды ult.kz Оңтүстік Кореяның The JoongAng басылымына сілтеме жасап.
Кездесудің тоқтатылуы қазақстандық тараптың сапардан бас тартуынан болғаны туралы айтылып:
"Тараптар қазіргі жағдайды ескере отырып, іс-шараны тоқтату туралы келісімге келді", – деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның Ұлттық қорғаныс министрлігі өкілі.
Еске салайық, 3 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда қақтығыстар болғаны хабарланған. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі отставкаға кететінін жариялаған болатын.