© AP Photo / Efrem Lukatsky
Трамп, Зеленский және Франция президенті Эммануэль Макрон Елисей сарайында үшжақты кездесу өткізді. Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы президент сайлауында жеңген Дональд Трамппен және Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуінде Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылады, деп хабарлады "Страна.ua".
"Біз қақтығысты тоқтату жайын талқыладық. Біз соғыстың аяқталуын әлемдегі кез келген адамнан артық қалайтынымызды айттым. Соғысты дипломатиялық жолмен аяқтау көп адамның өмірін сақтап қалады және біз соны қалаймыз", - деді ол.
Сенбі күні Трамп, Зеленский және Франция президенті Эммануэль Макрон Елисей сарайында үшжақты кездесу өткізді. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, ол небәрі 35 минутқа созылған.
Париждегі кездесуден кейін The New York Post газеті Трамптың Зеленскийге немқұрайлы қарағанын, ал Украина басшысының өзі іс-шара кезінде екі президенттің ортасында өзін жайсыз сезінгенін жазды.