11 жел, 2024 сағат 12:59

Қазақстандағы TikTok: 2024 жылғы ең жарқын оқиғалар мен креаторлар


TikTok қысқа бейне роликтерін көруге және жасауға арналған жетекші платформа 2024 жылғы ең жарқын сәттерді және авторларды атап өтіп, жыл қорытындысын жасады.

Креатив арқылы миллиондаған қолданушының сүйіспеншілігіне бөленген, шағын бизнестен бастап мәдени трендтерге дейін TikTok бір жылда әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ мәдени тенденцияларды дамытуға өз үлесін қосты.

TikTok 2024 жылды қорытындылап, осы жыл ішінде платформада өзін айқын көрсете білген және контент жасаудағы бірегей көзқарасының арқасында ерекше көзге түскен креаторлардың есімдерін жариялайды.

Қолданушылар "Жылдың серпіні", "Жергілікті бизнес", "TikTok-та оқы", "Репиттегі тағамдар", "#Кiтапток: кітапқұмарлар қауымдастығы", "Ұлттық мәдениет", "Қазақстан Бойынша Гид", "Негізгі хиттер" номинациялары бойынша бақ таласты. 


Биылғы жылы TikTok-тағы ең танымал он ән бүкіл әлемдегі платформа пайдаланушыларын 200 миллионнан астам контент жасауға шабыттандырды және және Spotify-да 8 миллиардтан астам тыңдалым жинады.  
Сонымен, биылғы жылдың хиттері: 
1. "Gata Only" – FloyyMenor & Cris Mj
2. "Pedro" – Jaxomy, Agatino Romero & Raffaella Carrà
3. "Alibi" – Sevdaliza feat. Pabllo Vittar & Yseult
4. "MILLION DOLLAR BABY  (VHS)" – Tommy Richman
5. "Tell Ur Girlfriend" – Lay Bankz
6. "La Diabla" – Xavi
7. "Nasty"  – Tinashe
8. "BIRDS OF A FEATHER" – Billie Eilish
9. "Forever Young" – Alphaville
10. "Beautiful Things" – Benson Boone

TikTok 2024 жылы Қазақстандағы пайдаланушыларға түрлі тақырыптар ұсынып, видеолар түсіруге шабыттандырды:

Қысқа бейнефильмдер байқауын өткізді

TikTok Қазақстандағы авторларына өз шеберліктерін көрсетіп, үшінші жыл қатарынан Канн кинофестивалі аясында өткізіліп отырған #TikTokShortFilm байқауына қатысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Қазақстандағы үздік фильм" және "Қазақ тіліндегі үздік фильм" атты екі номинацияда өздерінің қысқа фильмдерін ұсына алатын арнайы жергілікті конкурс қарастырылды. Музыканың адамдар өмірін сұлулыққа толтыратыны жайлы қысқа фильмімен автор @monaalemi, сондай-ақ отбасы тарихы туралы әсерлі қысқаметражды фильмімен автор @karlygash_telearnasy байқау жеңімпаздары атанды. Сыйлық ретінде олар Каннға саяхат жасап келді.

Мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттады 

Наурыз айында платформада екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясының қолдауымен #Наурыз2024 мерекелік онлайн-фестивалі өтті. Қазақстандықтар мерекеге қалай дайындалып, Наурыз мерекесін атап өтетіні туралы 27 мыңнан астам бейне және фотоконтент жасады: бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп болды.  

Сондай-ақ, TikTok 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ақпараттық серіктесі болды. Платформа Ойынға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың бейнелерімен іс-шараға арналған арнайы парақша ашты. Сонымен қатар, платформада жарыстардан тікелей эфирлер жүргізілді және пайдаланушылар #WorldNomadGames2024 хэштегі бойынша іс-шара туралы бейне түсірді.


Қазақстан бойынша саяхаттауға шақырды

Осы жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін #ГидПоКазахстану жобасының кезекті кезеңі өтті, ол платформаны пайдаланушылар үшін ауқымды шығармашылық жарысқа айналды. Жоба барысында Қазақстан бойынша саяхат туралы 24 мыңнан астам бейнеролик жасалды.

Білімділікке шақырды

Үшінші жыл қатарынан TikTok Қазақстан Республикасы Білім және ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен #Қазақстан мұғалімі байқауын өткізді. Бұл ұлттық жарысқа мектеп мұғалімдері, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. 

Жергілікті стартаптарды қолдады

TikTok Astana Hub-пен бірлесіп стартаптар үшін кеңейтілген білім беру бағдарламасы – TikTok StartUp Академиясын іске асырды. Осы бастаманың аясында Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан стартаптарының өкілдері платформада табысқа қалай жетуге болатынын және қоғамдастықтың назарын өз өніміне аудару туралы үйренді. Жобаға 200-ге жуық стартап қатысты, Оның 10 питч-сессия қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, ортақ жүлде қорын өзара бөлісті олар жүлдені TikTok-та жарнамалау үшін жұмсай алады. 

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Анара Бауыржанқызы