08 жел, 2024 сағат 13:19

Сирия президенті Башар Асад ел астанасынан кетіп қалды


Фото: ТАСС


Сирия президенті Башар Асад ел астанасынан ұшақпен шықты, деп хабарлайды Reuters және Al Hadath ақпарат көздері.


Reuters агенттігінің хабарлауынша, Асад жексенбі күні Дамаскіден белгісіз бағытқа ұшып кеткен. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы оның сенбі күні кешкі сағат онда қаладан шыққанын хабарлады.


ВВС-дің жазуынша, сириялық көтерілісшілер Дамаскіге солтүстік пен оңтүстіктен жақындап келеді. Көтерілісшілер өздерінің Telegram-арнасында Дамаск маңында орналасқан Сайедная түрмесін басып алып, онда қамаудағы тұтқындарды босатқанын мәлімдеген.


Айта кетейік, Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты Иорданияның ішкі істер министрі шекара бекетін жабу туралы шешім қабылдады.